Қазақстан жаңалықтары4 наурыз 2024, 1:25

СҚО-да депутат сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевты ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Qazaqstan Media сайтының жазуынша, ол бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарып келеді.

Коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ақпаратында.

Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша «Ақ жол» партиясынан сайланған.

Павел Булаев Жемқорлық СҚО депутат

Тақырыпқа жаңалықтар