Қазақстан жаңалықтары3 сәуір 2024, 12:45

Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға қанша қаражат бөлінеді?

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен халыққа үй салуға қанша қаражат бөлінетінін айтты.  Министрдің айтуынша, қазір әкімдіктер зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Біз жергілікті бюджеттен, одан кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құнына 22 миллион теңге бөлдік. Бұл бір үйге 80 шаршы немесе 2 бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға қарай қаражат бөлетін боламыз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ», деді Қ.Шарлапаев.

зардап шеккендер Тасқын қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар