Қазақстан жаңалықтары27 сәуір 2024, 14:44

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы сағат 7:44-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісінің координаттары – 49,27°ш.б. 84,91°с.е. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Бұған дейін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Тасбастау ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезінген еді.

 

ШҚЛ Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар