Placeholder
Фото: Александр Павский/Kazinform
Kazinform

Шымкентте ер адамды пойыз басып кетіп, қайтыс болды

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам пойыз астында қалып мерт болды. Оқиға 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған. «Шұғыл шақырылым» тілшісінің хабарлауынша, жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ер кісі оқиға орнында көз жұмған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оtyrar.kz-тің жазуынша,  Ер адамның суицид жасағаны немесе белгіленбеген орында теміржолды кесіп өтпек болғаны әзірге нақты белгісіз. Оны полиция анықтайтын болады.

Шымкент Пойыз өлім ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар