Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 13:43

Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды

Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Policia.kz жариялады. 

Оңай жолмен ақша табуды ұйғарған екі дос түн ішінде скутер ұрламақ болған.

Бірнеше сағаттың ішінде жас жігіттер екі скутерді ұрлап кеткен.

Бейнекамералардан қауіптенген олар басына мотоциклге арналған шлем киіп алған.

Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асады.

Жәбірленушілер бұл туралы полицияға арызданды.

Күдіктілер қала аумағында ұсталды.

Олар ұрланған мүлікті 250 мың теңгеге сатып жіберген.

Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

Шымкент Ұры шлем Скутер

Тақырыпқа жаңалықтар