Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2024, 14:29

Тасқын: 6 облыстың мұғалімдері аттестациядан кейін өтеді

Алты облыстың мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу кейінге шегерілді. Әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдармен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты.

«Педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Еліміздің 42 мектебінде Білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. «Жаңа оқу жылында барлық педагог пен мектептердің оқу процесіне дайын болуы үшін министрлік төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін уәкілетті органдармен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды», — деді Мереке Амангелдіқызы.

 

 

Тасқын аймақтар мұғалімдер аттестация

Тақырыпқа жаңалықтар