Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 20:09

Тасқыннан жапа шеккен халыққа шоу-бизнес жұлдыздары көмек беріп жатыр

Ел басына күн туғанда халық жұрт алдында жүрген танымал тұлғаларды іздей бастайды. Солардың бір ауыз жылы сөзі, көмегі қиналған жұртқа жігер болары сөзсіз, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Әлеуметтік желіде «Әншейінде халқым, елім-жұртым деп еміреніп жүретін әншілер қайда? Халқының қасынан табылып, неге елді көмекке жұмылдырмайды?» деген сыни пікірлер көп жазылып жатыр.

Әрине осындай сын сағатта танымал тұлғалар ел алдына шығып, елді сабырға, ауызбіршілікке шақырып, қайрымдылық шаралар ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені жұлдыздардың, танымал тұлғалардың сөзі өтімді болатыны рас.

Елдің еңсесін езген су апатына мүмкіндігінше атсалысып көмек атап жатқан өнер өкілдері де жоқ емес. Бүгін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаржылай көмек атады.

Бұл туралы айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

 

Тасқын Көмек жұлдыздар қаражат

Тақырыпқа жаңалықтар