Қазақстан жаңалықтары28 ақпан 2024, 9:45

Тротуарда көлікпен жүріп, TikTok-қа видео түсірді

Қызылорда қаласында TikTok желісіне видео түсіремін деп жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі жазаға тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қызылордалық полицейлер TikTok мессенжеріне мониторинг жүргізді.

«Мониторинг барысында Қызылорда қаласы аумағында Mercedes Benz автокөлігінің иесі жаяу жүргіншілерге арналған жол жүрісі қағидасын бұзғанын анықтады. Бейнежазба бойынша Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлері жол ережесін бұзушыны анықтауға бағытталған қажетті іс-шараларды жүргізді» деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 596-бабының 1-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.

Автокөлік айып алаңына қойылған.

TikTok Қызылорда тротуар жазаға тартылды

Тақырыпқа жаңалықтар