Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2023, 23:40

Umai-2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Umai-2023 Ұлттық сыйлығына қатысуға өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айтулы шығармашылық табыстары мен үздік жетістіктері үшін кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін қолдауға бағытталған байқау осымен екінші рет өткізіліп отыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, биыл сыйлықтар мен жалпы жүлде қоры едәуір ұлғайды.

«Театр өнері», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» тәрізді төрт негізгі номинация бойынша өтеді.

«Театр өнері» номинациясы бойынша сегіз жүлде белгіленген: «Опера өнері» (операдағы ерлер және әйелдер партиясын үздік орындау),«Актерлік шеберлік» (драмалық немесе музыкалық-драмалық спектакльдегі: оперетта, мюзикл, рок-опера, музыкалық комедиядағы үздік ер адам және үздік әйел адам рөлі),

«Үздік режиссура» (музыкалық-драмалық немесе драмалық спектакльдегі режиссерлік жұмыс),

«Спектакльдің үздік көркемдік безендірілуі» (костюмдер және/немесе декорациялар), «Үздік музыкалық-драмалық спектакль»- опера, драмалық/музыкалық-драмалық (оперетта / мюзикл / рок-опера / музыкалық комедия), «Үздік драмалық спектакль / музыкалық комедия».

«Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша алты жүлде белгіленген: «Үздік би ұжымы»(халықтық, заманауи немесе эстрадалық би ансамблі), «Үздік заманауи хореография спектаклі», «Балеттегі үздік орындаушы» (балет солисі /ер/ әйел), «Үздік хореограф», «Үздік классикалық балет спектаклі».

«Музыкалық-орындаушылық өнер» номинациясы бойынша: «Үздік дәстүрлі орындаушы (ән айту)», «Үздік дәстүрлі орындаушы(аспапшы)», «Үздік музыкалық ансамбль» (классикалық), «Үздік музыкалық ансамбль» (халықтық).

«Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша:

«Үздік сәндік-қолданбалы өнер шеберіне» мынадай санаттар беріледі: қолөнер шебері (зергерлік өнер, металл өңдеу, эксперименттік/аралас техникалар), қолөнер шебері (ағаш өңдеу, көркем ою, керамика), қолөнер шебері (киіз, текстиль, тоқымашылық, былғары).

«Үздік бейнелеу өнерінің туындысы» үшін тағы төрт сыйлық тағайындалады: «Үздік кескіндеме шебері», «Үздік заманауи өнер суретшісі (перформанстар, инсталляциялар, арт-нысандар және т. б.), «Үздік графика шебері» және «Үздік мүсін шебері».

Көркем сурет / графика бойынша өткен жылғы бір жүлде биыл екі жеке сыйлыққа бөлінді.

Биыл «Үздік балалар спектаклі» (екі сыйлық) арнайы жүлделермен атап өтіледі, сондай-ақ тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері финалистердің арасынан «Жыл жаңалығын» (сахналық өнер саласында) (екі сыйлық) таңдайды.

Шығармашылықта жаңашыл бетбұрыс жасаған және Қазақстанда, сондай-ақ шетелде театр саласындағы өздерінің жарқын бірегей жетістіктері арқылы танымал болған, жасы 40-тан аспаған сахна өнерінің шеберлері «Жыл жаңалығы» жүлдесіне үміткер бола алады.

Өтінім: umaiastanaopera2023@gmail.com қабылданады.

Umai-2023 өтініш Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тақырыпқа жаңалықтар