Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2023, 18:01

Ұсталған Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаев болуы мүмкін – дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы Әділет министрін ұстағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media

Kazinform агенттігінің дереккөзі жариялағандай, ұсталған азамат бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев болуы мүмкін. 

Антикордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

Ведомствоның мәліметінше, ол талап етілмеген қызметтерді көрсетуге жыл сайын келісімшарт жасасу арқылы кейбір компаниялардың мүддесін қолдаған. Тиісінше, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

Марат Бекетаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әділет министрі

Тақырыпқа жаңалықтар