Қазақстан жаңалықтары15 шілде 2024, 9:00

Утиль алымына қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

15 шілдеде утиль алымы мәселесі жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді. Көпшілік тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube арнасында трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстанда утиль алымына қарсы петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойды. Сондықтан осы мәселені қарайтын жұмыс тобы құрылып, оның мүшелері белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алайда жұмыс тобының алғашқы отырысы өтпей қалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өйткені утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жиынға белсенділерді телефонмен кіргізбей қойған.

Одан кейін жұмыс тобы бірнеше рет жиналып, мәселені талқылады.

Сондай-ақ олар Қазақстанның өңір-өңіріндегі көлік құрастыратын зауыттарды аралады.

Дегенмен мұнда да сол мәселе қайталанды. Себебі утиль алымына қарсы петиция бастамашылары мәселен Семейдегі көлік зауытын көруге келмеді.

Маусымның соңында жұмыс тобы АгромашХолдинг KZ пен Allur зауытында болды.

утильалым петиция қоғамдық тыңдау

Тақырыпқа жаңалықтар