Қазақстан жаңалықтары13 маусым 2024, 10:12

Жамбыл облысында сарбаз ауыр халде жансақтау бөліміне түсті

Жамбыл облысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

«Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ дәрігерлер сарбаздың кеуде қуысында жарақаты бар екенін айтады.

Жамбыл облысы Сарбаз жансақтау бөлімі

Тақырыпқа жаңалықтар