Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 11:00

Жастар есірткіні дәріханадан сатып алып жатыр

Алматының дәріханаларында рейд жүргізіліп, есірткіні рецептсіз сатылғаны анықталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

18-20 аралығындағы жастар жалған сатып алушы болып, есірткіге тәуелді ететін дәрілерді рецептсіз сатып алған. Нашақорлар мұндай препараттарды есірткінің баламасы ретінде қолданады. 16 дәріхана тексеріліп, екеуінде препараттарды рецептісіз сатқаны видеокамераға түсірілді.

Мұндай препараттардың рецептісіз сатуға заңмен тыйым салынған. Кей кезде фармацевттер рецепттің барын тексеруді ұмытады. Ал кейбір дәріханалар бұны мүлдем істемейді. Тәуелді сатып алушылар арқылы кәсіпкерлер табысын арттырып жатыр.

«Алматыда есірткі мәселесі өзекті күйінде тұр. Жаңа адамдар есірткілік дәрілерді рецептсіз сататын дәріханаларды тексеру үшін қалада тұрақты түрде рейд жүргізеді. Егер заңды бұзатын орынды білсеңіз, мекенжайын пікірге немесе директке жазуыңызды сұраймыз. Біз міндетті түрде сіздің жауабыңызды қарастырамыз», - делінген хабарламада.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы 🇰🇿 (@zhana.adamdar.almaty)

Алматы Жастар дәріхана Есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар