Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 3:02

Жастарды үймен қамтуға 50 млрд теңге бөлінді

Елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жоба Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылады.

Бағдарламаны «Отбасы банкі» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен облыс және қала әкімдіктерімен бірге іске асырмақ.

«Бағдарламаларға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін бағдарлама басталар алдында әкімдік жинақтайды», — дейді министрлік.

Бағдарламаларға қатысатын азаматтарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  • Бағдарламаға қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
  • Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
  • ⁠Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі, өтінішке енгізілетін отбасының басқа мүшелерімен ортақ үлестік меншік) болмауы.
  • Өтініш берген кезде қатысушы таңдаған саладағы ресми жұмыс өтілі кемінде бір жылдық зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен растауды талап етеді.

Несие шарттары:

  • Несие бойынша сыйақы мөлшері — жылдық 5% — дан бастап
  • Несие мерзімі-19 жылға дейін
  • Бастапқы жарна-несие сомасы -10%.
Отбасы банкі Жастар Баспана жоба

Тақырыпқа жаңалықтар