Қазақстан жаңалықтары5 сәуір 2024, 9:00

Жылыой тұрғындарына бес вагонды жолаушылар пойызы іске қосылды

Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан Атырауға бес вагоны бар жолаушылар қатынай бастайды. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Жылыой ауданының тұрғындарына бес вагоны бар жолаушылар пойызын іске қосты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жолаушылар пойызы 5 сәуір сағат 10:30-да Құлсары теміржол стансасынан жүреді. Ал, Атырау қаласынан Құлсарыға қарай кешкі сағат 19:00-де жолға шығады. Жолаушылардың сұранысымен жолдағы Мақат және Шоқпартоғай стансаларына да тоқтайды. Бұл үшін жолаушылар жолсерікке алдын ала ескертуі керек. Пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды» деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құлсары Атырау Пойыз Жылыой

Тақырыпқа жаңалықтар