11 адам жантүршігерлік жағдайда ажал құшты
1 қыркүйек 2025 13:44 / Евразия
Үндістанның Кашмир аймағында нөсер жауын салдарынан болған селден кемінде 11 адам қаза болды. Тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Ең көп зардап шеккен өңірлер – Сринагардың оңтүстігінде орналасқан Реаси және Рамбан аудандары. Карара ауылында көшкін бір тұрғын үйді басып қалып, бір отбасының жеті мүшесін үйінді астына қалдырды. Олардың денелерін жергілікті тұрғындар алып шықты.
Рамбан ауданының Раджад ауылында тағы төрт адам қаза тауып, бір адам жоғалғандардың қатарына қосылды.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл соңғы апталардағы алғашқы қайғылы жағдай емес. Муссон маусымы өңірге әлі де жойқын зардаптарын тигізіп жатыр.
15 қыркүйек 2026 13:19 / Евразия
Стамбұлда екі өзбекстандық әйелді өлтіргендер өмір бойына сотталды
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия