Әзірбайжанда президент Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті
14 ақпан күні Милли Меджлисте (Парламентте) кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Президент Ильхам Әлиев Әзірбайжан Республикасының Конституциясына қолын қойып, ант берді: «Әзірбайжан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып, Әзебайжан Республикасының Конституциясын сақтауға, мемлекет тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқына абыроймен қызмет етуге ант етемін».
Ильхам Әлиев сондай-ақ Құранқа қол қойып ант берді. Одан кейін Президент инаугурация рәсімінде сөз сөйлеп, бесінші мерзімге мемлекет басшысы қызметіне кірісті.
Ильхам Әлиев Әзірбайжан Министрлер кабинеті мүшелерінің өкілеттіктерін орындау туралы қаулыға қол қойды. Үкіметтің жаңа құрамы құрылғанға дейін Министрлер кабинетінің өкілеттіктерін жүзеге асыру оның бұрынғы құрамына жүктеледі.