Бангладештің экс-премьері өлім жазасына кесілді
18 қараша 2025 13:21 / Евразия
Бангладеш Үндістаннан Шейх Хасинаны беруді сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дүйсенбі күні Бангладеш соты бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны сырттай өлім жазасына кесті. Оған 2024 жылдың жазында өткен наразылықтарды басу үшін адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айып тағылды. Экс-премьермен бірге бұл қылмыстық іс бойынша бұрынғы ішкі істер министрі Асадузаман Хан Камал да өлім жазасына кесілді.
Енді Бангладештің уақытша үкіметі Үндістаннан бұрынғы премьер-министр Шейх Хасинаны елге беруді сұрап отыр. Екі мемлекет арасында экстрадиция бойынша келісім бар.
Былтыр Үндістанға қашып кеткен 78 жастағы Хасина үкімді саяси қудалау әрі әділетсіз екенін айтты. Ол Бангладеш үкіметін 1996-2001, кейін 2009-2024 жылдары басқарды.
15 қыркүйек 2026 13:19 / Евразия
Стамбұлда екі өзбекстандық әйелді өлтіргендер өмір бойына сотталды
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия