Бішкекте жер телімдерін заңсыз берген шенеуніктер қамауға алынды

21 қазан 2023 10:00 / Евразия

Бішкекте «Кадастр» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшылығы жер телімдерін заңсыз бергені үшін ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы ҰҚМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз Республикасы ҰҒА Э.Гареев атындағы Ботаникалық саябақ аумағындағы жер учаскелерін жеке меншікке заңсыз бергені үшін «Кадастр» мемлекеттік мекемесі астаналық филиалының бұрынғы директоры «Б.Б.Ж.» және оның орынбасары «Қ.М.Ж.» ұсталды.

Қылмыстық істі тергеу аясында «Кадастр» ММ мен басқа өкілетті мемлекеттік органдардың басшылығы материалдық пайда табу мақсатымен Бішкек қаласы мэриясының жалған қаулысын шығару арқылы Қырғыз Республикасы Ғылым академиясының «Көк-Жар» тәжірибелік базасы балансындағы жалпы ауданы 0,244 га жер телімдерін жеке меншікке беру бойынша жемқорлық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Келтірілген шығын көлемі 31 млн сомнан асты.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау, сондай-ақ заңсыз алынған жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Автор
Серіктес жаңалықтары