Бұрынғы полиция қызметкері ажырасқан күні жұбайын атып өлтірді
25 желтоқсан 2025 13:26 / Евразия
Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда Қырғызстанның Свердлов ауданында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам көпқабатты үйдегі пәтерде бұрынғы әйеліне бірнеше рет оқ атқан. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар дәл сол күні ресми түрде ажырасқан. Куәгерлер күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін айтады, бұл дерек тергеу барысында нақтыланады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша қозғалды. Марқұмның артында екі баласы қалған.
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия
“3 қыз, 2 ұл”: Бір отбасыда бесем дүниеге келді
9 шілде 2026 12:09 / Евразия
Студент курстас қызды ноутбукпен ұрып өлтірді
3 шілде 2026 17:57 / Евразия