Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 800 миллион доллар көлемінде несие береді
Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Өзбекстандағы даму саясатын қолдау операциясын мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы UzA агенттігі жариялады.
Операцияның бұл түрі дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдауға бағытталған Дүниежүзілік банктің арнайы қаржы құралы саналады.
Операция ел үкіметіне әлеуметтік, экономикалық және климаттық өзгерістер секторларында реформалардың жаңа кезеңін жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау көрсетеді.
Дүниежүзілік банктің жаңа операциясы ауыл шаруашылығы, теміржол, химия өнеркәсібі және энергетика сияқты негізгі секторлардағы мемлекеттік бақылауды азайтуды қолдауға бағытталған. Қабылданған шаралар жеке сектордың осы салаларды дамытуға белсендірек қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл операция әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықты әлеуметтік-құқықтық қорғауды күшейтуге және климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты проблемалардың шешімін табуға көмектеседі.
Операция аясында Дүниежүзілік банк үкіметке арнайы жеңілдікті шарттармен 800 миллион АҚШ доллары көлемінде несие түрінде қаржылық көмек көрсетеді. Бұл қаражат үкіметке қазіргі уақытта халықаралық қаржы нарықтарында бар қарыз алу нұсқаларына қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен және ұзақ мерзімге беріледі. Осының нәтижесінде Өзбекстан үшін несиелерді өтеу шығындары айтарлықтай қысқарады.