Канадада атыс болып, 10 адам көз жұмды
11 ақпан 2026 10:25 / Евразия
Канаданың Британдық Колумбия провинциясындағы Тамблер-Ридж орта мектебінде атыс болып, 10 адам қаза тапты. Шабуыл жасаушы да оқиға орнында мерт болған. Бұл туралы Arbat.Media порталы Globalnews.ca сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мектеп ғимаратынан алты адамның мәйітін тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда көз жұмды. Бұдан бөлек, мектеп аумағынан тағы екі адамның денесі табылды. Күдікті де өлі күйінде анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Ауыр жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар шамамен 25 адам жергілікті медициналық орталықта тексеруден өтуде.
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия
“3 қыз, 2 ұл”: Бір отбасыда бесем дүниеге келді
9 шілде 2026 12:09 / Евразия
Студент курстас қызды ноутбукпен ұрып өлтірді
3 шілде 2026 17:57 / Евразия