Курортта өрт шығып, 40 адам көз жұмды

2 қаңтар 2026 12:46 / Евразия

Мемлекет басшысы Швейцариядағы тау-шаңғы курортында болған қайғылы оқиғаға байланысты ел президенті Ги Пармеланға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты.

Қазақстан президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.

Deutche Welle басылымының жазуынша, 1 қаңтарға қараған түрі Швейцарияның оңтүстік-батысында орналасқан Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы барда өрт шыққан. Шамамен 01:30-да жертөле қабат жақтан түтін шығып, жалын лезде таралған.

Қайғылы оқиға салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, шамамен 100 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің дені ауыр күйік жарақатын алған.

Серіктес жаңалықтары