Өзбекстан АҚШ пен Ұлыбританияны пайдалы қазба өндіруге тартады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев III Ташкент халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде Еуропалық Одақ және АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты, әсіресе тау-кен өнеркәсібінде кеңейту жоспарлары туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы республикада алтын, мыс, вольфрам, күміс және уран сияқты пайдалы қазбалар мен маңызды металдардың қомақты қоры бар екенін атап өтті.
Оның үстіне Өзбекстанда литий, магний, молибден, германий, ванадий және индий сияқты сирек кездесетін металдардың көп мөлшері бар.
Шавкат Мирзиеев тау-кен саласындағы стратегиялық ынтымақтастық Өзбекстан мен Еуроодақ арасында бұрын да басталғанын қосты. Болашақта Өзбекстан басшысы АҚШ және Ұлыбританиямен осындай ынтымақтастықты бастауға үміттенеді.
Мирзиёев ірі компанияларды Өзбекстанда стратегиялық шикізатты өндіру жобаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.