Өзбекстан: Циркте жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады

9 қараша 2024 12:00 / Евразия
Коллаж: pixabay.com

Өзбекстанның Министрлер кабинеті келер жылдың 1 қаңтарынан бастап үйде ұстауға және цирк қойылымдары үшін пайдалануға тыйым салынатын жабайы жануарлардың тізімін бекітті. Құжатқа сай, тізімге өрмекші, жылан, акула және тасбақалардың кейбір түрлері енген. Бұл ретте жолбарыс, арыстан, түлкі, қасқыр, шимпанзелердің барлық түрін үйде ұстауға және циркте пайдалануға тыйым салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тізімдегі жануарларды Экология министрлігінің рұқсаты негізінде хайуанаттар бағында және арнайы жасақталған орындарда (террариум, океанариум және тағы да басқа) ұстауға болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі. 

Өзбекстан үкіметінің қаулысына сай, тізімге енген жануарларды арнайы орындарға табыстау, орналастыру 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары