Өзбекстан мен Қазақстан арасында жаңа автобус бағыттары ашылады
16 мамыр 2024 18:12 / Евразия
Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы Өзбекстан мен Қазақстан қалалары арасында 10 жаңа халықаралық автобус бағытын ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады:
- Самарқанд – Бішкек;
- Бұхара – Бішкек;
- Бұхара – Астана;
- Самарқанд – Түркістан;
- Бұхара – Түркістан;
- Шахрисабз – Түркістан;
- Самарқанд – Душанбе;
- Бұхара – Душанбе;
- Ташкент – Уфа;
- Ташкент – Краснодар.
Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, Өзбекстаннан Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне 37 бағыт бойынша 32 отандық және шетелдік тасымалдаушылардың 196 автобусы қатынайды.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықаралық автобус бағыттарында 173 мың жолаушы тасымалданды. Көрсеткіштер 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті.
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия
“3 қыз, 2 ұл”: Бір отбасыда бесем дүниеге келді
9 шілде 2026 16:29 / Евразия
Өзбекстанда келіншекті сәбиімен бірге қорада ұстаған күйеуі мен туыстары сотталды
9 шілде 2026 12:09 / Евразия