Өзбекстан мен Қазақстан президенттері ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Өзбекстан мен Қазақстан президенттері ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, логистика, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, 7-9 тамыз аралығында Астанаға ат басын бұрды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында екі мемлекет басшыларының келіссөздері, сондай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтеді.
Сонымен қатар, 9 тамызда Мирзиеев Қазақстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогы саммитіне қатысады.
Сапар барысында сауда, өнеркәсіп, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Тараптар елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қоймақ.
Сондай-ақ мемлекеттік сапар аясында іскерлік және мәдени іс-шаралар, соның ішінде ұлы өзбек ақыны және ойшылы Әлішер Науаи ескерткішін ашу жоспарланған.