Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді

9 қараша 2023 9:30 / Евразия

Болжам бойынша Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 40 млн-ға жетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісі мен Сенаты және БҰҰ агенттіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қолдау көрсету» атты семинарда айтылды.

Өзбекстан Республикасы Сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, семинар осы елде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары айлығының аясында ұйымдастырылды.

«Өзбекстан үшін тәуекелдердің бірі тұрғындар санының күрт өсуімен байланысты болып отыр. Кейінгі 30 жылда мұндағы халық саны 15 млн адамға артып, бүгінде 36 миллионнан асқан. Болжам бойынша 2030 жылға қарай Өзбекстан тұрғындарының саны 40 млн адамға жетеді»,-деп хабарлайды ӨР Сенатының баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары