Өзбекстанда армияға қажетті өнім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ташкент облысындағы Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің өндірістік кешенін аралап, әскери мақсаттағы өнім шығаруға маманданған жаңа кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты,- деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысы Қорғаныс өнеркәсібі агенттігін Қорғаныс министрлігіне беруді және оны одан әрі дамыту үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
Қазір республика басшысы кластердің жұмысын мұқият зерделеді. Мирзиеев өнеркәсіпте заманауи технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығына тоқталып, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпорындардың қызметін жақсарту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, президент қорғаныс өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізу бойынша бірқатар ұсынымдар берді.
Мемлекет басшысы билік отандық қорғаныс-өнеркәсіптік базаны жаңғырту және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.