Өзбекстанда электромобиль құрастыратын зауыт іске қосылады

16 желтоқсан 2023 19:11 / Евразия

Келер жылы Өзбекстанда жылына 10 мың электромобиль жасап шығаруға қауқарлы зауыт іске қосылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Аталған жоба Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен автомобиль жасауды дамыту жөніндегі кеңесте таныстырылды, деп жазады Kazinform.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, кеңесте саланың алдағы жоспарлары мен міндеттері талқыланды. Оларды орындау нәтижесінде 2030 жылға қарай шығарылатын көліктерді санын 1 миллионға дейін арттыру көзделген.

Кейінгі жылдары Өзбекстанда автомобиль өндірісі үш есе өскен. Осы жылдың соңына қарай жасалған темір тұлпарлардың жалпы көлемі 415 мыңға жетеді деп күтілуде. Бүгінде бұл мемлекеттегі 8 зауыт жеңіл көлікпен қатар, жолаушылар, жүк, ауыл шаруашылығы және арнайы техниканың ондаған түрін шығарып жатыр.

«Қазіргі таңда әлемдегі жетекші автоөндірушілер электромобиль өндірісіне басымдық беріп жатыр. Егер отандық кәсіпорындар осы саланы игеру көрсеткіштерін төмендетсе, онда болашақта олардың нарықта лайықты орын алуы қиын болады», - деп атап өтті Шавкат Мирзиёев.

 

Серіктес жаңалықтары