Өзбекстанда Германия канцлері басқару органының қызметкерлерін оқыту мектебін ашты
Өзбекстан президенті мен Германия канцлері басқару органының қызметкерлерін оқыту мектебін ашты. Жобаның негізгі мақсаты республиканың басқарушы кадрларының әлеуетін дамыту, сондай-ақ шетелден инвестиция тарту болады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Германия канцлері Олаф Шольц бірлескен Менеджмент мектебінің ашылуына арналған онлайн рәсімге қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ташкентте орналасқан жаңа мектеп Өзбекстанға шетелдік инвестиция мен озық технологияларды тартудың негізгі элементі болмақ.
Сондай-ақ ел аймақтарындағы басқарушы кадрлардың әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.
Жоба Өзбекстан Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің, Мемлекеттік басқару академиясының, Ханнс Зайдель қорының және Бавария мемлекеттік басқару мектебінің қатысуымен жүзеге асырылуда.
Салтанатты рәсімнен кейін Мирзиёев пен Шольц Самарқанда екі елдің жетекші компаниялары мен банктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.