Өзбекстанда IT саласын дамытуға 21 трлн сумдан астам қаржы бөлінді

15 тамыз 2024 17:00 / Евразия
ФОТО: Depositphotos

Өзбекстанда жыл басынан бері IT саласын дамытуға 21 триллион сумдан астам қаржы бөлінді. Республика билігі 2024 жылдың соңына дейін 43 триллион сумға жетуді жоспарлап отыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке республикада жасанды интеллект технологиялары мен IT саласындағы стартаптарды дамыту бойынша қандай шаралар қабылданатыны таныстырылды. Берілген деректерге қарағанда, 2024 жылдың тоғыз айында ақпараттық технологияны дамытуға 21 триллион сум бөлініп, жыл соңына дейін бұл соманы 43 триллион сумға жеткізу жоспарлануда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

ІТ-қызмет экспортының көлемі $367 млн-ға жетті, ал технопарк тұрғындарының саны 2000 адамнан асты.Қазіргі цифрландыру жобалары энергетика, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және құрылыс сияқты маңызды секторларды қамтиды. Жиында IT саласын табысты жаңғырту үшін тиісті заңнамалық базаны құру қажет екені айтылды.

Президент үкіметке жасанды интеллект енгізу стратегиясын әзірлеу және осы саладағы жобалардың екі жылдық бағдарламасын жасау міндетін қойды. Сондай-ақ жасанды интеллект технологиялары орталығын құру тапсырылды.

Жасанды интеллектті, әсіресе, банк және қаржы секторында қолдануды кеңейту, сондай-ақ мамандарды оқыту және қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады.

Серіктес жаңалықтары