Өзбекстанда лаңкестік ұйымға қосылмақ болғандар ұсталды

20 қазан 2023 1:16 / Евразия

Әндіжан облысының үш тұрғыны лаңкестік ұйымға қосылмақ болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Gazeta.uz сайты жариялады. 

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, олар Түркияға мигранттарды жұмысқа орналастыратын фирма арқылы барып, сол жерден Сирияға өтуді жоспарлаған.

Ер адам Telegram желісінде Әбу Валид есімді біреумен байланысқа шығып, оның тапсырмасы бойынша мессенджерде арналар мен топтар құрып, онда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Осыдан кейін ол көршісі И.Д.-мен келісе отырып, Сирияға кетіп, онда «Катиба таухид валь жихад» лаңкестік ұйымының қатарына қосылуды жоспарлады. Жақын досын да өзімен бірге кетуге шақырды.

«Олар өздеріне назар аудартпау үшін Түркияда мигранттарды жұмысқа орналастыратын жекеменшік компанияға жүгінді. Түркияға жеткен соң Сирияға көшуді жоспарлады».

Ұсталған ер адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Серіктес жаңалықтары