Өзбекстанда мандарин рекордтық деңгейде арзандады

17 желтоқсан 2023 11:00 / Евразия

Өзбекстанда мандариннің көтерме бағасы өткен аптадан бері төмендеп, жылдың осы кезеңіндегі ең төменгі деңгейге жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  EastFruit жария етті.

"Өткен аптада Өзбекстанда мандариндердің көтерме бағасы күрт 38%-ға төмендеген. Оған Өзбекстан нарығына пәкістандық мандариндердің көптеп келуі себеп болуда", - дейді сарапшылар.

2023 жылдың 8 желтоқсанынан 15 желтоқсанына дейін Өзбекстанда мандариннің орташа көтерме бағасы 1 кг үшін 10 000 сумнан 8 000 сумға дейін (371 теңгеден 297 теңгеге дейін), яғни 20 пайызға төмендеді. Бұл жемістің қазан айының аяғындағы орташа көтерме бағасын 29 000 сум (1 076 теңге) деп есептесек, мандариннің құны 3,6 есеге арзандады деген сөз.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мандарин бағасы 27%-ға, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 33%-ға арзандады.

2022 жылы Өзбекстанға мандарин жеткізген елдер арасында Иран көш бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары