Өзбекстанда ЖИ енгізілуіне байланысты 2 мыңнан астам шенеунік қызметінен кетті
9 қазан 2025 18:40 / Евразия
Өзбекстанда ЖИ енгізілуіне байланысты 2 мыңнан астам шенеунік жұмыстан босатылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Өзбекстан президенті басшылық лауазымдағы шенділерді қысқарту туралы жарлыққа қол қойды. Екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады.
Қысқарту әсіресе су ресурстары, ауыл шаруашылығы министрліктері мен салық комитетінде жүргізіледі. Қарашада басталатын оңтайландыруға жасанды интеллектті енгізу де ықпал етіп отыр.
Қысқарғандарға жаңа жұмыс табу үшін Еңбек министрлігі мен кәсіподақтар жауапты. Лауазым иелерінің орнына қарапайым менеджерлер қатарын көбейту көзделген.
Сарапшылардың айтуынша, биылдың өзінде 300 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, кедейшілік деңгейі соңғы бес жылда 5 есеге азайған.
15 қыркүйек 2026 13:19 / Евразия
Стамбұлда екі өзбекстандық әйелді өлтіргендер өмір бойына сотталды
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия