Өзбекстанда жол салу мен жөндеуге 15 триллион сум жұмсалды
Өзбекстанда жол салу мен жөндеуге 15 триллион сум жұмсалды. Осыған қарамастан 45 мың шақырымға жуық ішкі жол әлі жөндеуді қажет етеді. Президент Шавкат Мирзиеев ішкі жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу бойынша таныстырылыммен танысты. Соңғы төрт жылда ішкі жолдарды салу мен жөндеуге қыруар қаржы – 15 триллион сум бөлінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикада барлығы 184 582 шақырым жол бар. Оның 142 мың шақырымы шаруашылық ішіндегі жолдар.Жиында ішкі жолдарды күтіп ұстауға жауапты жүйенің жоқтығы мәселесі бар екені белгілі болды.
Қазіргі таңда 43 мың шақырымға жуық ішкі жолдар жедел жөндеуді қажет етеді. 2354 көпірді күтіп ұстауға жауаптылар да анықталған жоқ.
Билік бұл жолдарды аудан деңгейінде басқару жүйесін құрумен айналысады.
208 аудандық және қалалық абаттандыру бөлімдерінде ішкі жолдарды күтіп ұстау бөлімшелері құрылып, қажетті мамандандырылған техникамен жабдықталған. Бұған бюджеттен қаржы бөлінеді.