Өзбекстанда жылдамдықты асырған Олимпиада чемпионына айыппұл салынды

25 қыркүйек 2024 14:00 / Евразия
Фото: ӨР ҰОК

Өзбекстанда ел арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Асадқожа Мойдинхожаевтың президент сыйға тартқан Tahoe көлігімен 110 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан видеосы тарқады. Бұл видеоны спортшының өзі Instagram парақшасында жариялаған. Бейне кейінірек жойылды7 Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқыға түскен соң, Ташкент қалалық ІІББ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы спортшыға айыппұл салынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жылдамдықты шектен асырған Tahoe жүргізушісіне шара қолданылған, деп жазады Xabar.uz сайты.

– Әлеуметтік желіде Tahoe көлігінің жүргізушісінің қатты жылдамдықпен (110 км/сағ) келе жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, Ташкент қаласы IIББ қызметкерлері 2001 жылы туған жүргізуші М.А.-ға қатысты Өзбекстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық іс-шара жүргізді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары