“Қайғылы қаза”: 49 адам бір мезетте мерт болды
13 маусым 2025 12:30 / Евразия
Оңтүстік Африка Республикасында күн күрт суытып, 49 адам ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елде өткен аптаның соңынан бері жаңбыр мен қар қатар жауған. Қолайсыз күн райынан әсіресе Шығыс Каап провинциясы қатты зардап шекті. 58 мектеп пен 20 аурухана қираған.Метеорологтар қауіп-қатердің сары-қызғылт деңгейін жариялады.
Негізі Оңтүстік Африка Республикасында маусым мен тамыз аралығы қыс мезгілі болып саналады. Сынап бағанасы нөл градусқа дейін төмендеген. Нөсер соңы кей аймақтарда тасқынға ұласты. 13 оқушы мен 2 ересек мінген мектеп автобусын су шайып кеткен. 6 бала көз жұмып, 4-еуі із-түзсіз жоғалып кетті.
15 қыркүйек 2026 13:19 / Евразия
Стамбұлда екі өзбекстандық әйелді өлтіргендер өмір бойына сотталды
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия