Қазақстан мен Өзбекстан арасында жол қысқартатын жаңа әуе бағыты ашылды

16 шілде 2024 11:12 / Евразия

Әуе қатынасын оңтайландыру мақсатында 11 шілдеден бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасында рейс орындайтын ұшақтар үшін «Т-916» деп аталатын жаңа навигациялық бағыт ашылды. «Өзаэронавигация» орталығының мәліметіне сай, жаңа маршрут ашылған күні ол арқылы алғаш болып немістің «Lufthansa» әуекомпаниясының ұшағы рейс орындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Бұл маршрутты қолдану есебінен қашықтық 40 шақырымға қысқарады және жылына 30-50 тонна авиаотын үнемдеуге болады. Бұл ретте, оттегінің шығыны 50-70 тоннаға кемиді, ал атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылардың көлемі жылына 220-250 тоннаға азаяды», - делінген «Өзаэронавигация» орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, аталған навигациялық бағытты ашу туралы келісім «Өзаэронавигация» және «Қазаэронавигация» кәсіпорындары арасында жасалған.

Серіктес жаңалықтары