Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне өткізгені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

16 қазан 2023 12:15 / Евразия

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне өткізгені үшін қылмыстық жаза енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қырғыз билігі қарт ата-анасын асыраудан бас тартқан азаматтарды жазалау шараларын қолға алмақшы. Ел парламентшілері аналар мен әкелерді қарттар үйіне орналастырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазаларды қарастыратын бірқатар заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Eadaily.com хабарлайды.

Өзгерістер Қырғызстанның Қылмыстық және Отбасы кодекстеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен муниципалдық қызметкерлер туралы заңға әсер етеді. Түзетулер күшіне енсе, ата-анасын асыраудан жалтарғаны немесе оларды қарттар үйіне жібергені үшін Қырғызстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалып, одан кейін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе қомақты сомаға айыппұл салынуы мүмкін. салынуы мүмкін.

Сондай-ақ заң жобасының авторлары қарт ата-анасына қамқорлық жасаудан бас тартқан азаматтарды мемлекеттік немесе муниципалдық қызметкер мәртебесінен айыруды және мемлекеттік мемлекеттік қызметтен босатуды жоспарлап отыр.

Түзетулер жобасын бірінші оқылымда қабылдауға 71 депутат дауыс берді.

Автор
Серіктес жаңалықтары