Қырғызстанда мемқызметкерлердің жалақысын көтеруге уақытша тыйым салынады

10 қыркүйек 2024 13:00 / Евразия
ФОТО: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге уақытша тыйым салынады. Бұл бастаманы мемлекет басшысы бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылдады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге үш жылға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бюджет шығыстарын оңтайландыру бойынша қабылданған шара 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап күшіне енеді және 2026 жылдың соңына дейін әрекет етеді.

Құжатта жалақыны көтеруге тыйым салу мемлекеттік департаменттер, комитеттер, президенттің аймақтық өкілдіктері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлеріне әсер ететіні айтылған.

Сонымен қатар, қаулы аясында мемлекеттік органдарды кеңейтуге шектеулер енгізілді.

Ерекшеліктер болуы мүмкін, бірақ әрбір ерекше жағдайды президент Жапаров жеке өзі бекітуі керек.

Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігінің арнайы бөлімі мен министрлер кабинетіне жүктелді.

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы соңғы рет 2022 жылдың тамыз айында көтерілген.

Бұл мораторий біткенше жалақыны индексациялаусыз кезең төрт жылдан асады деген сөз.

Серіктес жаңалықтары