Қырғызстанда Қамшы Көлбаевпен жақын байланыста болғандар жұмыстан шығарылды

18 қазан 2023 19:58 / Евразия

Қырғызстанда мемлекеттік кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері марқұм Қамшы Көлбаевпен тығыз байланыста болғаны үшін жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жариялады. 

«Заңдағы ұры» Қ.Көлбаевтың кіммен жақын байланыста болғанын анықтау үшін жүргізіліп жатқан жоспарлы іс-шарада Қырғызстан  қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің ішкі ведомстволық бұйрықтарды бұзған жекелеген лауазымды тұлғалар анықталды.

Кеден қызметінің 50-ге жуық қызметкері атышулы қылмыс әлемінің серкесі болған Қ.Көлбаев және Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін қызметінен шығарылды.

Алақол қызметкерлерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырады. 

Автор
Серіктес жаңалықтары