Қытай Қырғызстанда үлкен теміржол портын салады
Қытай Қырғызстанда үлкен теміржол портын салғалы жатыр. Бастама Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы көлік дәлізін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Темір Сариев бастаған Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының делегациясы Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін Қытайдың Сиань қаласына келді.
Күн тәртібінде республикадағы ірі темір жол портының құрылысы қаралды.
Қырғыз делегациясы Орталық Азия, Ресей және Еуропа елдеріне жүк тасымалдайтын Сиань құрлық портының басшылығымен ресми кездесу өткізді.
Осындай логистикалық хабты Қырғызстанда құру жоспарлануда.
Бұл жоба Қырғызстан үшін өзекті. Қытай портының басшылығы оны Қырғызстан аумағында жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Порт құру бастамасы бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуінде талқыланған болатын. Бұл идеяны екі басшы да мақұлдады.