Ресей мен Қытай газға қатысты келісім жасай алмады

21 мамыр 2026 11:25 / Евразия

Ресей мен Қытай келіссөзді аяқтап, 40 құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алайда олар «Сила Сибири – екі» газ құбыры және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы нақты келісім жасамады. Өйткені тараптар газ бағасына қатысты келісе алмаған. Қытай Ресей газын ішкі нарыққа арналған арзан бағамен сатып алғысы келеді. Бұл шамамен мың текше метріне - 50 доллар. Ал қазіргі баға — 258 доллар шамасында.

«Сила Сибири – екі» жобасы Ресей үшін өте маңызды. Себебі Еуропа нарығынан айырылған «Газпром» Қытайға экспортты арттыруға мүдделі. Қазір Қытай Ресейден жылына 38 миллиард текше метр газ сатып алады. Солтүстіктегі көрші бұл көлемді алдағы төрт жылда 56 миллиард текше метрге жеткізуді жоспарлап отыр. Дегенмен, баға мен қаржылық шарттар бойынша ортақ шешім жоқ. Сондықтан, жаңа газ құбырының құрылысы басталады деу - екіталай.

Серіктес жаңалықтары