Ресейлік рэпер Астанада сенбілік ұйымдастырды
Танымал ресейлік рэп әртісі МОТ Астанадағы концерті барысында жиналғандарды қала тазалығына қамқорлық жасауға шақырды. Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол жиналғандарға экологиялық акция туралы еске салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Артист ұжымымен бірге Қазақстанды сағынғанын айтып, Астананы өте таза әрі әдемі қала деп атады.
Ол елордалықтар осындай нәтижеге қол жеткізген жақсы адамдар екенін атап өтті.
«Осы жерде рухани да, музыкалық та, тура мағынада да тазалықты жалғастырайық, сондықтан егер біреу өзімен бірге бірдеңе әкелсе: бөтелкелер, банкалар, оны өзімізбен бірге алып кетейік», - деді МОТ сахнадан.
Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер еріктілерден үлгі алып, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының мінберіндегі қоқыстарды шығарды.
Сенбілікке «Астана жастары» ұйымының еріктілері де, мүдделі қала тұрғындары да қосылды.