«Росатом» Қырғызстанда құны 1,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асырады

29 қыркүйек 2024 13:00 / Евразия
«Росатом» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі

«Росатом» Қырғызстанда құны 1,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асырмақшы. Жуырда республикада қуаттылығы 110 мегаватт болатын бірінші жел электр станциясының құрылысы басталады. Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Қырғызстандағы өкілдігінің бас директоры Дмитрий Константинов компанияның республикада құны 1,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асыру ниетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол Ыстықкөл облысында қуаттылығы 100 мегаватт жел электр стансасы құрылысының басталғанын білдіретін капсула салынғанын атап өтті. Бұл Қырғызстандағы алғашқы жел электр станциясы болмақ.

Құрылыс 2025 жылы басталып, толық пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.

Константинов бұл жобаның құны 110 миллион доллар екенін атап өтті.Сондай-ақ Қырғызстанның Энергетика министрлігімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жалпы қуаты 1 гигаватт жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойылды.

Жалпы қуаттылығы 400 мегаватт болатын гидроэнергетикалық нысандарды жобалауға келісім-шарттар жасалды, ол 400-ден 450 миллион долларға дейін бағаланады.

Соның нәтижесінде еліміздің энергетика саласында жоспарланған жобалардың жалпы құны 1,5 миллиард долларға жетеді.

Серіктес жаңалықтары