Тайсон, Холифилд, Цзю: Бокс әлемінің жұлдыздары Ташкентте бас қосады

6 қазан 2023 9:50 / Евразия

Бокс әлемінің аңыз адамдары Майк Тайсон, Эвандер Холифилд пен Костя Цзю биыл Өзбекстан астанасында өтетін Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBC) жыл сайынғы съезіне қатысады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  ҚазАқпарат жариялады.

Өзбекстан Кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, WBC өзінің 61-ші конференциясын 12-17 қараша күндері аралығында Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр. Алғаш рет Орталық Азияда өтетін айтулы шараға бокс әлемінің ең танымал жұлдыздары қатысады.

Белді спортшы Майк Тайсон Ташкентке келетінін мәлімдеді. Бұған дейін іс-шараға қатысатындарын Эвандер Холифилд, Костя Цзю сынды бокс жұлдыздары, сондай-ақ әлеуметтік желіде танымал блогер Абдурозик растаған болатын.

Съез ұйымдастырушыларының дерегіне сүйенсек, Ташкентке өзге де атақты боксшылардың келуі күтіледі.

Іс-шараның соңғы күні – 17 қарашада Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде ауқымды кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Автор
Серіктес жаңалықтары