Ташкентте қызын мас шешесі аяусыз ұрып-соққан

23 қараша 2023 18:00 / Евразия

Әлеужеліде гүл дүкенінде гүл сұрап жатқанда В.А.-ның мас күйінде қызы В.И.-ды балағаттап, ұрып-соғып жатқаны туралы видеохабарламалар тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл турлы Өзбекстан балалар омбудсменінің ресми Telegram-каналы жария етті. 

Балалар омбудсмені дүкенде анасынан таяқ жеген қыздың жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Оқиға Мырза Ұлықбек ауданы «Оқибат» мөлтек ауданындағы Марказ-1 орамында орналасқан дүкенде болғаны анықталды. Сол жерде болған азаматтар оқиғаны видеоға түсіріп, таратқан.

Бұл жағдай бірден Балалар омбудсменінің бақылауына алынды. В.А.-ның әрекетін бағалауға байланысты аудандық ІІБ тарапынан тергеу жүргізілуде.

Балалар омбудсменінің айтуынша, анасының мұндай зорлық-зомбылығынан зардап шеккен қыз Ташкент қаласындағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қорғау орталығына орналастырылған.

Әйелді аналық құқығынан айыру мәселесі қаралуда.

Серіктес жаңалықтары