Тәжікстан ЕҚЫҰ-мен экономика және экология саласында өзара іс-қимылды күшейтеді

28 маусым 2024 9:12 / Евразия

Тәжікстан ЕҚЫҰ-мен экономика және экология саласында өзара іс-қимылды күшейтеді. Тараптар климаттың өзгеруінің салдарымен бірлесіп күресуге келісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы, Мальтаның сыртқы істер, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті.

Тәжікстан мен ЕҚЫҰ, сондай-ақ Мальта арасындағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

Президент Рахмон Тәжікстанның Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында қоршаған ортаны қорғау, әскери-саяси өзара іс-қимыл және экономикалық қарым-қатынасқа қатысты маңызды өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланды.

Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, киберқауіпсіздік және онлайн экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Тараптар табиғи апаттардың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін күш біріктіру қажет деп санайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде Тәжікстан мен Мальта арасындағы әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі, соның ішінде парламентаралық байланыстар, сауда байланыстары және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

 

Серіктес жаңалықтары