Тәжікстан мен Өзбекстан трансшекаралық суды бақылау үшін гидробекет ашты
Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасында трансшекаралық су ағындарын бақылауға арналған «Патар» және «Сарвак» екі жаңа өлшеу стансасы іске қосылды. Бекеттер Солтүстік және Үлкен Ферғана каналдарының бойында орналасқан және екі республикадағы суару үшін пайдаланылатын су ағынын дәлірек өлшеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл маңызды қадам Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын кешенді басқару бойынша Тәжікстан мен Өзбекстанның жұмыс тобының отырысында талқыланды. Қатысушылар суды есепке алудың сенімді жүйелерінсіз трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару және олардың белгіленген шектерде пайдаланылуын бақылау қиын екенін атап өтті. Атап айтқанда, Сырдария өзені бассейнінде дұрыс жұмыс істейтін автоматтандырылған басқару жүйесі болмағандықтан, процесті қиындатқан.
Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Жұма жаңа өлшеу стансаларында деректерді тіркеу мен беруді автоматтандыру су ресурстарын тиімдірек басқаруға мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы сенімді нығайтады деген сенімін білдірді.